Құрметті «PovRest» демалыс базасының қонақтары, біз Сізге шулы қаладан оқшаулау мүмкіндігімен отбасылық жайлы табиғат демалысын ұсынуға қуаныштымыз.
Отбасылық демалыс! Достармен кездесу!
Сіз Алматыдан алпыс километр қашықтықта, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте, Іле Алатауының бөктерлеріндегі жайлы орын «PovRest» демалыс базасында демалысыңызды ұйымдастырып, өткізе аласыз.
Қаланың қарбалас өмірінен алыста, таза ауада, жақындарыңыз бен достарыңыздың ортасында тыныға отырып, ұмытылмас демалыс өткізесіз – осының барлығы бүгінгі күнде әрқайсымызға қажет дүние. «Достармен табиғат аясында бас қосу» дәстүрін жалғастыру, үйде «отырып қалған» және қашан да «сіздің көңіл бөлгеніңізді» қалайтын ата-анаңызды алып келу, ұлдарыңызбен доп қуып, футбол ойнау (жақсы жүріс-тұрыс үшін емес, еш себепсіз), қыздарыңызбен сырласу. Бізге демалысыңызды өткізуге келіңіз! Біз Сіздің жайлылығыңыз үшін барлық жағдайды жасаймыз!
«PovRest» демалыс базасы Сізге, Сіздің Жанұяңыз бен достарыңызға келесілерді ұсынады:
- Әр түрлі себептер бойынша және себепсіз де мерекелер,
- Мерейтойлар,
- Туған күндер,
- Табиғат аясындағы кәуаптар,
- Қармақпен балық аулау.
Сіздің құзырыңызға келесілерді ұсына аламыз:
- Сұлу табиғат,
- Таза ауа,
- Тыныштық,
- Ашық және жабық алаңдар,
- 10 -12 адамға есептелген күркелер,
- Кәуаптарға арналған мангалдар,
- Құрал-жабдықтары бар спорттық алаңдар,
- Катамаранда балық аулауға немесе серуендеуге арналған жасанды көл,
- Халық тұтынатын тауарлар, алкогольсіз салқындатқыш сусындар сатылатын дүкен,
- Музыкалық жабдықтар,
- 5 адамға дейін есептелген монша,
- Теннис үстелдері,
- Құрал-жабдықтары бар бильярд үстелі (біреу),
- Садақ атуға арналған құрал-жабдықтар (нысана, садақтар, жебелер),
- Фотоға, сэлфиге арналған баспасөз-қабырға.
